Көкшетауда 2018 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баламасы ашылады, деп хабарлады Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметінен.
«2018 жылдың 1 қыркүйегінде Көкшетауда мектеп ашу жоспарлануда, оның жұмыс жүйесі республикадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмыс жүйесінің баламасы бойынша құрылады», - делінген жұмадағы хабарда.
Облыстық білім басқармасында атап өткендей, мектептегі сабақ мемлекеттік тілде жүргізіледі.
«Балалар бір ауысымда оқиды. Мектепте математиканы, физиканы, информатиканы, химияны, биологияны тереңдетіп оқыту кластары ашылады. Кабинеттер мен зертханалар заманауи құралдармен жабдықталады. Түстен кейін оқушылар үшін үйірмелер, секциялар жұмыс жасайды, олар ғылыми жобалармен айналыса алады. Мектепте робототехника кабинеті ашылады», - деді басқармадан.
Хабарда атап өтілгендей, Көкшетау қ. білім бөлімі мектепке қажет мұғалімдерді жинап жатқаны туралы алдын ала хабарлады, және осы мектепте жұмыс жасағысы келетін педагогтер өз түйіндемелерін 1 наурыздан 1 мамыр аралығында жібере алады.
«Мұғалімдерге қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жоғары білім, жоғары немесе бірінші санатының болуы, жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткендігі туралы сертификаты, В-1, В-2, С-1, С-2 ағылшын тілін білетіні туралы сертификаты болуы керек. 2018 жылдың 1 мамыр мен 1 маусымы аралығында жұмысқа қабылдау үшін үміткерлерді қарау өтеді», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.