Қаз   Рус

Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясынан жұмысшылар қауіпсіздігін талап етті

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 29 Ноя 2017, 10:30

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мүдделі министрліктерге «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдайға назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр аталған компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру мен өндірістегі қайғылы оқиғаларды төмендету жөніндегі мақсат-міндеттеріне баға берді.

«Әрине, осындай жоспардың болғаны жақсы. Алайда 2025 жылға дейін осы бағдарламаны созу - бұл тым ұзақ мерзім. Менің ойымша, сіз атап өткен жұмыстарды қайта қарастырып шығу керек. Сонымен бірге кеше компанияның басшылары қосымша инвестициялар жайында айтқан болатын, яғни бұл қомақты қаржы алдағы жылдан компания жұмысына салынбақ. Осы орайда қажетті соманы компаниядағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыттауға болады. Себебі жыл сайын сіздердегі жағдайлар төмендемей отыр. «АрселорМиталл Теміртауда» қалыптасып отырған ахуалға министрліктер мен кәсіподақтар назар аударуы тиіс деп ойлаймын», - деді Бақыт Сағынтаев аталған компанияның басшысы  Парамжит Калонның баяндамасын тыңдағаннан кейін.

П. Калон өз сөзінде компания жыл сайын жабдықтарды жаңарту мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруға қомақты қаржы жұмсайтынын атап өтті. Шаралар қабылданғанымен, апаттар орын алуда. Бұл ретте өндірістерде адамдар тәуекелдерді жете бағаламайды, сондай-ақ  басшылық тарапынан да кемшіліктерге жол берілген.

Оның пайымынша, қайғылы оқиғаларға білікті жұмыс күшінің жетіспеуі мен жас буынның тау-кен кешенінде жұмыс істеуге қызығушылық танытпауы ықпал етуде.

Сонымен қатар Парамжит Калон Қазақстандағы көмір шахталары әлемдегі ең қауіпті кен орындарының бірі екенін, себебі шахталарда газдың таралуы проблемасы бар екенін жеткізді.

Компания адамдардың өліміне алып келетін қайғылы оқиғаларды мүлдем болдырмау бағытында 2025 жылға дейін тиісті шараларды атқаруды көздеп отыр.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера