Олимпиаданың қола медалі үшін мемлекеттен ресми сыйақыдан бөлек, жекелей сыйлықтар беріледі
Могулдан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева 75 мың доллар көлемінде сыйақы алады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.
Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында «алтын» алған спортшыға 250 мың доллар, күміс медаль - 150 мың, қолаға - 75 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, Олимпиадада 4, 5, 6-орын алғандарға да сыйақы қарастырылған. Айта кетейік, Олимпиаданың қола медалі үшін мемлекеттен ресми сыйақыдан бөлек, жекелей сыйлықтар беріледі. Еске салайық, кеше қазақстандық Юлия Галышева фристайл-могул бойынша Олимпиада жарыстарынан тарихи қола медаль алды.