Жұбайымен жанжалдасқан атыраулық азамат балдызының үйін өртеген
Жұбайымен жанжалдасқан атыраулық азамат балдызының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Атырау қалалық №2 соты тұрмыстық жанжалдан кейін өзінің балдызының үйін өртеп жіберген азамат Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот материалдарында көрсетілгендей, араққа тойып алған Б. сіңлісінің үйіне қонаққа кеткен әйелін іздеп барады. Ол жерден жұбайын таппаған соң ол әйелінің телефонына өзін-өзі өртейтіні туралы хабарлама жіберген. Алайда мас жігіт өзіне емес балдызының үйін от қояды. Салдарынан 4 774 009 теңге зиян келтірді»,-деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Шығынның орнын толтырып, жәбірленушіден кешірім сұрауына байланысты сот атыраулық азаматқа 5 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.