Қаз   Рус

Грузия Қазақстанға қарызын толық қайтаруға уәде берді

10 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 14 Дек 2017, 15:30

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасының алдындағы Грузия Үкiметiнiң берешегін қайтадан қайта құрылымдау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Грузия Үкiметiнiң Қазақстан Үкіметінің алдындағы борышы 27 млн 774 мың АҚШ долларын құрайды. Ол 1992-1993 жылдары екі елдің ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болды және мемлекеттік несие ретінде қайта рәсімделді.

Қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес, Грузия тарапы Қазақстан алдындағы берешегін тиісті шарттар бойынша өтейді», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Белгілі болғандай, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайыз деңгейде сақталады. Сонымен қатар берешекті өтеу кестесі бұрынғы кестенің мерзімінен кешіккені үшін жиналған өсімпұлды есепке алмайды және Париж клубы ұсыныстарына сәйкес ұзартылады. «Осылайша, 2017 жылғы Келісімге сәйкес, 2017-2025 жылдардағы кезеңге Грузия тарапының төлемдер сомасы 37 млн 997 мың 815 АҚШ долларын құрайды», - деді Қаржы министрі. Жалпы отырыс барысында сенаторлар Қазақстан алдындағы өзге елдердің қарыздары жайында сұрады. «Бүгінде осындай деңгейде екі елдің арасында толық есеп жасалып, келісімшартқа қол қойылған мұндай борыштар жоқ.

Бұдан бұрын Әзербайжан мен Тәжікстан бізге осылай қарыз болған еді, бірақ олар өздерінің берешегін толық төлеп бітті. Сондықтан бүгін қаралып жатқан соңғы келісімшарт. Грузия тарапынан тиісті төлемдер келіп жатыр. Алдағы жылға да ешқандай қиыншылықты көріп тұрғанымыз жоқ. Әріптестеріміз келісім бойынша толық өзінің міндеттемелерін орындауға уәде беріп отыр», - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов. Талқылаулардан кейін палата депутаттары заң жобасын қабылдады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера