Қаз   Рус

Грузия Қазақстанға 38 миллион доллар қарыз

13 қаралды
0
Sputnik Казахстан
Среда, 22 Ноя 2017, 12:30

Грузия 38 миллион  долларға жуық Қазақстанға берешегін 2025 жылға дейін төлейді, деп хабарлайды  sputnik.kz  тілшісі.

Бүгін мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы Қазақстанның Грузияға берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия үкіметінің берешегін қайтадан құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың баяндауынша, Грузия жиырма жыл бұрын Қазақстаннан 27 миллион АҚШ долларынан астам қарыз алған. 

«Ол 1992-1993 жылдары екі елдің ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болды және мемлекеттік кредит ретінде қайта рәсімделді. Қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес Грузия тарапы Қазақстан алдындағы берешегін бірнеше шартқа сәйкес өтейді», — деді Сұлтанов. 

«Біріншіден, Грузияның негізгі борышы Қазақстан және Грузияның ұлттық банктері арасындағы акті бойынша 2,3 миллион АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның баламалы берешегі сомасына қысқартылады. Екіншіден, жылдық проценттік ставкасы 4 % мөлшерінде сақталады. Үшіншіден, берешекті өтеу кестесі бұрынғы кестенің мерзімі кешігуінен жиналған өсімпұлды есепке алмайды және Париж клубы ұсыныстарына сәйкес ұзартылады», — деді министр. 

Осылайша биылғы жылы екі ел үкіметінің арасында жасалған келісімге сәйкес Грузия 2017-2025 жылдар ішінде  Қазақстанға 37 миллион 997 мың  АҚШ доллар қарызын төлейді. 

«Грузияның экономикасында біраз қиыншылықтар болғаннан кейін Грузия тарапынан осындай ұсыныстар түсті. Бұл мәселе Париж клубының ұсыныстары негізінде қаралды», — деп атап өтті Сұлтанов.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера