Қаз   Рус

Ержан Малғажыұлы: 5 мыңға жуық азамат радикалды райларынан қайтты

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 08 Дек 2017, 15:00

2013-2017 жылдар аралығында қазақстандық 5 мыңға жуық азамат радикалды райларынан қайтты. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандарының VIII құрылтайы барысында мәлім болды. Еске салсақ, бүгінгі құрылтай барысында Қазақстанның 2018-2022 жылдар кезеңі аралығындағы бас мүфтиі болып Серікбай қажы Оразұлы сайланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өзі қызмет атқарған 2013-2017 жылдар аралығында іске асырылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Ержан Малғажыұлы атап өткендей, өткен төрт жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде жат ағымның арбауында жүрген 940 азамат ханафи мазхабын таңдап, қатарымызға қосылды. Сондай-ақ 4967 адам радикалды райларынан қайтқан. «Біз 2014 жылы діни жолымыз бен бағдарымызды айқындайтын, мемлекет тұтастығының нығая түсуіне септігін тигізетін Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын қабылдадық. Діни қызметтің сапасын арттыруға арналған 4 бағытты бекіттік. Олар - көркем уағыз, жат ағымның жетегінде кеткен жастармен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралар және халықты діни сауаттандыру. Еліміздегі мұсылман қауымын бірлікке үндеп, өзге дін өкілдерімен бейбіт өмір сүруге шақыратын ҚМДБ-ның Тұғырнамасын бекіттік. Мазхаб пен наным-сенімде жікке бөлінбеуге шақыратын құжат өз жемісін беруде. Аталмыш Тұғырнама - Қазақстан Республикасы Конституциясының сенім бостандығы туралы ұстанымына, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына, еліміздің 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, ҚМДБ-ның Жарғысына негізделіп әзірленген стратегиялық құжат», - деп атап өтті ол. Сондай-ақ мәлім етілгендей, мешіттегі жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, бірегей құлшылық жасау тәртібін орнату мақсатында ҚМДБ мешіттерінің Ережесі қабылданды.

2015 жылы ақпанда елімізде тұңғыш рет «Ислам - бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті. Шара аясында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамасы», «Дін қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылман келбеті» атты маңызды құжаттар қабылданды. «ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Кеңесте 17 ғалым жұмыс істейді. Оның 9-ы ғылым докторы, қалғаны магистрлер. Біз Діни басқарма қызметі аясында 2014-2015 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияладық. ҚМДБ жанынан діни білімі терең, тәжірибесі мол білікті дін ғалымдарының басын біріктірген ақпараттық насихат топтары құрылды. Олар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жат ағымға кеткен жастарымыз дәстүрлі ханафи мазһабын таңдап, ортамызға оралуда. 2017 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде жат ағымның арбауында жүрген 940 азамат ханафи мазхабын таңдап, қатарымызға қосылды. 2013-2017 жылдар аралығында жалпы саны 4967 адам радикалды райынан қайтты», -деді ол. Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңсесі 2014 жылы Алматыдан Астана қаласына көшірілген болатын.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера