Қаз   Рус

Ермекбаев Ақтөбеде көшеде намаз оқығандарға қатысты түсініктеме берді

45 қаралды
0
Sputnik Казахстан
Вторник, 16 Янв 2018, 14:30

Қыздары орамал тағып, хиджаб киетін ата-аналар демеуші тауып, жеке мектеп аша алады. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бізде медреселер бар, медресе деген арнайы діни білім беру мекемесі. Бірақ қалған білім беру жүйесі діннен бөлінген. Ол барлық заңдарда жазылған нәрсе. Бірақ қазіргі таңда заң ұлдар мен қыздар бөлек оқитын жекеменшік орта білім мекемесін ашуға мүмкіндік береді. Әзірге бұл мәселе зерттеліп жатыр. Біздің азаматтар бұған қаншалықты дайын, осыны анықтап алуымыз керек. Алайда бұл мектептер білім және ғылым министрлігінің сертификатын алған, діннен бөлінген мектептер болады. Сәйкесінше мұндай бөлек мектептерде қыздар орамалсыз жүре алады. Егер мүлде орамал тақпай, хиджабсыз жүре алмаса, онда ата-аналар бірігіп, демеуші тауып,  жеке  мектеп аша алады, бұған құқықтары бар", — деді Ермекбаев үкімет отырысынан кейін.  

Осы орайда министр Ақтөбеде мектеп маңында намаз оқыған әйелдердің әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

"Кез келген жерде намаз оқу Құранның да, шариғаттың да талаптарына сәйкес келмейді. Заңда діни рәсімдер, құлшылық ету арнайы орындарда жасалу керектігі айқын көрсетілген. Жалпы нормативтік-құқықтық актіні бұзғаны үшін жауапты тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бірақ Ақтөбедегі 3-4 әйелдің жазаланатын-жазаланбайтынын айту қиын. Бірақ олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ, менің ойымша, көшеде намаз оқу бұл дұрыс емес", — деді министр.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера