Қаз   Рус

Енесінің тойханасын бюджет қаржысына жылытқан шенеунік келін жазаланды

23 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 08 Фев 2018, 11:30

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында екі жыл бойы енесінің тойханасының коммуналдық төлемдерін бюджет есебінен төлеп келген Қызыларай ауылдық округінің әкімі Шекер Төлепбергеноваға қатысты іске шешім шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бюджет қаражатын жеке мүддеге пайдаланған әкім қызметін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды. Бұдан тыс, шенеунік келіннің енесі екі жылдық мемлекеттік жылудың ақысын төлеуге міндетті.

«Әкімнің енесі жылудың қарызын толық мөлшерде төлейтіні туралы келісім бар. Есептеулер жүріп жатыр, сомасын шығарамыз. Сотқа арыз беруге қажеттілік жоқ», - дейді Ақтоғай ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бекет Тілеубергенов.

Шенеунік аудан әкімінің тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрығымен танысты.

«Біз мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Этика кеңесінің Шекер Төлепбергенованың қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ұсынысын орындадық», - дейді Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Берікбол Өмірқасым. Аталған оқиғаға Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері тексеріс жүргізген. Оның қорытындыларын Этика кеңесінің отырысында департаменттің өкілі Бақтияр Мәкеев жариялады.

Оның айтуынша, әкімнің енесіне тиесілі тойхана ауыл әкімдігімен бір ғимаратта орналасқан, ауданы 353 шаршы метрді алып жатыр. Департамент басшысы Жандос Сәрсеновтің төрағалығымен өткен Этика кеңесінің мүшелері әкімнің осы жемқорлық әрекеті үшін жазалау қажеттігі туралы ұсыныс берді.

Айта кетейік, бұған дейін  енесінің иелігіндегі тойхананың коммуналдық шығындарын бюджет есебінен төлеп келген ауыл әкімінің ісі тексеріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.