Қаз   Рус

Энергетика министрлігі: Қазақстанның бірде-бір өңірінде көмір тапшылығы жоқ

15 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 01 Фев 2018, 18:30

Елімізде халықты көмірмен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жиелеп кеткен қауесеттер мен әлеуметтік желілерде және мессенджерлердегі жалған ақпараттарға байланысты ҚР Энергетика министрлігі келесіні мәлімдейді: Елімізде халықты көмірмен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты. Қазақстанның бірде-бір өңірінде қатты отынға тапшылық жоқ, ешқандай дүрлікпе байқалмайды. Тұйықтардағы үлкен кезектер және жүк машиналарының таласуы жөніндегі таратылып жатқан видеолар фейк және қазіргі уақыттағы жағдайға сәйкес келмейді. Сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп өңірлерге көмірді жеткізуге тәулік сайынғы мониторинг жүргізуде, бұл мәселе тұрақты бақылауда», - делінген таратылған хабарламада.

Министрліктен мәлім еткендей,  2017 жылы елімізде 106,7 млн тонна көмір өндірілді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8,2 млн тоннаға артық. Экспортқа 29,3 млн тонна көмір шығарылды. Қалған көмір ішкі қажеттілікке жұмсалды. Осы орайда Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарына 56,3 млн тонна, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 7,1 млн тоннаға артық көмір берілді. «Жедел деректерге сәйкес 30 қаңтарға дейінгі мерзімде өндірілген көмір көлемі 8,6 млн тоннаны құрады. Тұтынушыларға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 763,8 мың тонна көмір жіберілді, яғни алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72%», - деп атап өтті министрліктен.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде темір жол көлігімен коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 457,2 мың тонна көмір жөнелтілді. Автокөлікпен 300 мың тонна көмір түсірілді. 2018 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша, ҚР Энергетика министрлігінің жедел мәліметтеріне сәйкес көмірдің қоры мен жеткізілуі облыстар бойынша келесідей: Ақмола облысы - 85,9 мың тонна; Астана қаласы - 17,2 мың тонна; Ақтөбе облысы - 2,1 мың тонна; Алматы облысы - 77,4 мың тонна; Алматы қаласы - 6,8 мың тонна; Шығыс Қазақстан облысы - 114,7 мың тонна; Жамбыл облысы - 8,9 мың тонна; Қарағанды облысы - 53,0 мың тонна; Қостанай облысы - 24,3 мың тонна; Павлодар облысы - 9,8 мың тонна.

 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера