Қаз   Рус

«Елбасы жолының» келесі картинасында Мұрат Ахманов Назарбаевты сомдайды

27 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 17 Ноя 2017, 09:30

«Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» кинокартинасына «Оскар» сыйлығын иемденген гример шақырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап. Киностудияда «Бейбітшілік кіндігі» атты кинокартинаның режиссері Ақан Сатаев Эксперттік кеңеске дайындық кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, топтың түсірілімге дайын екенін жеткізді.  «Бейбітшілік кіндігі» фильмі Ақмоланың қарапайым қаладан жас орда - Астанаға айналуы мен күні бүгінге дейінгі кезеңі туралы баяндайды. Картинада 1994 жылы астананың Ақмолаға ауысып, Астананың қысқа мерзім ішінде күн санап дамып келе жатқанын және үздік әлем астаналары қатарына енгенін көрсетеді.  «Фильміміз саясат пен саясаткерлер туралы. Сол себептен де біз ПКҚ, Президент хаттамасынан, кеңсесінен кеңестер алып жатырмыз. Астананың тұрғызылу кезінде түрлі қиындықтар орын алғаны және президент пен оның айналасындағылардың оларды қалай еңсергендері туралы көп ақпарат алдық. Фильмдегі негізгі драматургиялық қақтығыс та осы жайында болмақ. Бізге Алматы мен Астананың барлық мекемелері қол ұшын созуда. Сол себептен де фильм өте шынайы шығады деп білеміз. Ең бастысы жақсы фильм жасаймыз деген сеніміміз бар. Оның үстіне, «Қазақфильм» киностудиясы камераларға арналған заманауи объективтерін сатып алды. Енді түсірілген материалдың сапасы жоғары болады», - деді режиссер. Қорғалым кезінде түсірілім тобы фильмде қолданылатын барлық заттар мен костюмдерді әкеп, көрме ұйымдастырды. Эксперттік кеңес алдында фильмнің атқарушы продюсері Әлия Меңдіғожина мен кастинг-директор Жайна Әбдиева сөз алып, түсірілім алаңдары және актерлермен жұмыс жасалу барысын айтып берді.  «Түсірілімдер Алматы мен Астанада өтеді. Бірінші түсірілім блогы желтоқсан айында Алматыда болады. Сосын қаңтар айында Астанада түсіреміз. Ол жақтан қайтқан соң, қайтадан Алматыда жалғастырамыз. Сондай-ақ, жазғы мезгілінде түсіретін эпизодтарымыз да бар. Фильмге шетелдік грим жөніндегі суретшіні шақырттық, ол кино саласында көптеген жүлделердің иегері - Марк Кульер», - деді Әлия Меңдіғожина. «Біз қазір актерлердің пластикасы және сөйлеу мәнерімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз, өйткені олардың сомдайтын кейіпкерлері өмірде бар кісілер. Біз көптеген мұрағаттық материалдарды актерлерге көрсетіп жатырмыз, бұл актердің өз рөліне енуіне ықпал етеді», - деді кастинг-директор Жайна Әбдиева. Дайындық кезеңі барысында фильмнің басты және екінші пландағы актерлері бекітілген. Экранда Н.Ә.Назарбаевты театр және кино актері Мұрат Ахманов сомдайды. Сонымен қатар, фильмде Еркебұлан Дайыров, Жан Байжанбаев және көптеген кино майталмандары бой көрсетеді.  «Басты рөлге актер іздегенде біз үшін портреттік ұқсастығынан гөрі, оның актерлік шеберлігі маңыздырақ болды. Фильмде 14 ауыр грим болады, оны Марк Кульер жасайды. Соның көмегімен актердің Елбасымен портреттік ұқсастығын келтіреміз. Ал екінші пландағы актерлерді негізенен түр-әлпеті прототипке ұқсайтындарын таңдадық», - деп қосты А.Сатаев.   Жоба қорғалымында Эксперттік кеңес мүшелері - танымал кинематографистер және киностудия президенті Бақыт Қайырбеков болды. Киностудия басшысы шығармашылық топқа сәттілік тілей отырып, өз ойын айтты.  «Шығармашылық топ пен сенің бойыңда фильмді жасауға деген сенімің мол болғаны құба-құп. Әлі есімде, 1997 жылы қатты аяз болған, одан кейін ондай аяз болмады-ау деймін. Меніңше, сол біздің бәрімізге жаратқанның жіберген сынағы деп ойлаймын және сол қиын белесті біз бәріміз де еңсере білдік», - деді Бақыт Қайырбеков.  «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігінде» фильмінің шығармашылық тобы түсірілімге ағымдағы жылдың соңына қарай шығады. Ал фильм қалың көрермендерге  2018 жылдың желтоқсан айында жол тартады деп жоспарлануда. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Сатайфильм» кинокомпаниясы түсіреді. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.