Қаз   Рус

Елбасы шыршасына қатысқан бүлдіршіндерге iPad сыйға берілді

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 22 Дек 2017, 14:00

Алматыда Республика сарайында жетім  және ата-анасының қорғауынсыз қалған балаларға арналған Елбасы шыршасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кету керек, мұндай мерекелік шара қазір еліміздің әр қаласында өтіп жатыр. Бүгін бұл шыршаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3000 бала қатысып жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев LED экран арқылы балаларды құттықтап, жаңажылдық тілегін жеткізді. «Айналайын балалар. Мен бәріңе мол игілік, жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өніп, өркендей беріңдер. Армандарың орындалсын. Мерекелеріңмен!», - деді Мемлекет басшысы. Салтанатты шараға келген қала әкімі Бауыржан Байбек те балаларға құттықтау тілегін жеткізді.  «Сіздерді бүгін Елбасы алғашқы болып құттықтап жатыр. Дәл қазір біздің өңірлерімізде сіздер сияқты балалар қуанышпен қатысып жатыр. Бүгінде елімізде 3000 бала Елбасы шыршасына келді. Бұл сіздер үшін үлкен жетістік. Келесі жыл сіздерге жаңа бақыт әкеледі деп сенеміз. Қазір Елбасы атынан керемет сыйлық аласыздар. Бүгінде ең маңызды мәселе - жаңа технологиялар. Сыйлықтардың арасында I Pad планшеттері, спортпен шұғылданам дегендерге спорт киімдері,  оқу құралдары бар. Сіздердің ең басты мақсаттарыңыз денсаулықты сақтай отырып,  білім алу», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек. Салтанатты шара ертегі кейіпкерлері мен балалардың, Аяз ата мен Ақшақардың шыршаны айналған қызықты көрінісіне жалғасты. Бұған әкім Бауыржан Байбек те қатысты. Бүлдіршіндерге түрлі музыкалық ұжымдар, әнші Мәдина Сәдуақасова, Жігіттер квартеті тағы басқа өнерпаздар әннен шашу шашты. Соңында балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Мерекелік шараға қатысқан 200 баланың әрқайсысына арнайы сыйлық салынған қобдишалар табысталды. Айта кету керек, әр сыйлық жинағында спорттық киімдер, кеңселік тауарлар, тәттілер, планшет тағы басқа сыйлықтар кірген. Олардың әрқайсысы әр баланың бойы мен жас ерекшелігіне қарай алынған.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера