Қаз   Рус

Елбасы Үкіметтің өткен жылғы жұмысына оң баға берді

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 09 Фев 2018, 12:10

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Министрлер кабинетінің өткен жылғы жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылдың басында алдымызда тұрған мақсаттарды анықтап, тиісті сұрақтарды бір-бірімізге қойып, жұмыс істеуді бастау үшін бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізгелі отырмыз. Облыстардың әкімдері қатысуда. Өздеріңіз білесіздер, қаңтарда өткізген Үкіметтің жиналысында былтырғы жылдың  қорытындысы жарияланды, айтылды. Шынын айту керек, өткен жыл оңай болған жоқ. Дүниежүзінің экономикасы да аумалы-төкпелі болды. Біздің де жағдай әртүрлі болды. Дегенмен, Үкімет пен әкімшіліктердің бірлесіп  істеген жұмыстарының арқасында менің бағалауым бойынша дұрыс нәтижеге жеттік», - деді мәжілісті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық өсімі өткен жылдың қорытындысында 4 процентті құрап, инфляция 7 процент төңірегінде болғанын еске салды.

«Бұл біз үшін алынған жаңа белес болып саналады. Сондықтан бұл жағынан мен Үкіметтің  жалпы жұмысына, әрбір Үкімет мүшелеріне оң бағамды бергенім дұрыс деп санаймын. Халық та солай деп ойлайтын шығар. Дегенмен, әр уақытта жетістіктерімізге тоқмейілсіп отыра бермейміз. Алдымызда мақсаттар көп, бағдарламалардың  орындалуының ішінде кемшіліктер бар. Оны әрине  айтатын боламыз», - деді Қазақстан Президенті.

  Сондықтан Елбасы бүгінгі мәжілісте өткен жылдың қорытындысы халыққа тағы бір рет жария етіліп, Үкімет алдында тұрған міндеттер айқындалатындығын баса айтты.

«Биыл Үкіметтің алдына қойып отырған 4 пайыз аз болады. Одан төмен түсіп кетуіміз де мүмкін. Сондықтан  өзіміз алдымызға  одан жоғары міндеттер қоюымыз керек. Оның ішінде бағдарламалардың орындалу мәселелері бар, олардың арасында  кемшіліктер де жоқ емес. Сондықтан осы мәселелер төңірегінде жұмыс істейтін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   Айта кетерлігі, елдің жалпы экономикалық көрсеткіштері жөнінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев баяндама жасауда. Одан кейін Қаржы министрі, Ұлттық банк басшысы сөз сөйлейді.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.