«WhatsApp» мессенджері арқылы тараған Экібастұздағы «маньяк» туралы хабарламаны жергілікті полицейлер жоққа шығарды
«WhatsApp» мессенджері арқылы тараған Экібастұздағы «маньяк» туралы хабарламаны жергілікті полицейлер жоққа шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.
Қала тұрғындары бірнеше күн қатарынан бір-біріне Екібастұз қаласында әйелдерге шабуыл жасайтын қауіпті қарақшының жүргені туралы хабарламалар жіберген. ««WhatsApp» арқылы тараған әңгіме шындыққа жанаспайды. Аталған факті бізде тіркелген, жалған ақпарат таратқан адамді іздеп жатырмыз»,-деді жергілікті ІІД баспасөз орталығында. Сонымен қатар, полицейлер Екібастұз қаласының тұрғындарын жалған хабарлама таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.