Қаз   Рус

Егіздерін өлтірген ерлі-зайыптылар сотталды

13 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 22 Дек 2017, 17:00

Алматыда егіздерін өлтіріп, тұңғышын қаңғыртып жіберген ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан. 34 жастағы Алла Волченко ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Егіздердің әкесі Эмиль Гильмутдинов ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар, судья екеуін де ішімдікке құмарлықтан мәжбүрлі түрде емдеу туралы шешім шығарды. Олардың тұңғыш ұлдары Равиль Волченко Алматы әкімдігі мекемесінің қамқорлығына алынды. Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылған. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды. Қазіргі уақытта сот алдында Қазақстан азаматшасы Алла Волченкомен оның азаматтық некедегі күйеуі Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов жауап беруде. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша іс қозғалған.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера