Қаз   Рус

Дәурен Абаев: БАҚ саласында стратегия дайындалады

13 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 20 Дек 2017, 17:00

Аталған құжат бұқаралық ақпарат құралдарының даму болашағын айқындайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұйырса, келесі жылы біз осы салада бір құжатты дайындауды бастайын деп жатырмыз. Жалпы, еліміздің бұқаралық ақпарат саласындағы стратегиялық маңызы бар құжаты болады. Болашақта қай бағытта жүреміз? Қалай дамиды? Осының бәрін зерттеп, өздеріңізге келесі жылдың соңына таман ұсынамын деп сенемін», - деді  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың бүгін қазақ сайттары редакторларының форумында. Өз сөзінде министр жаһандану заманында ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялардың кеңінен дамуына тоқталды. Бүгінде 7 млрд-тан астам адамның тең жартысы әлеуметтік желілердің қолданушысы болып саналады. Ал әлеуметтік желілердің өздері ақпарат құралдарының салмақты бәсекелесіне айналды. «Қазір күннің басты тақырыбын Фейсбукта отырған қарапайым қолданушы қалыптастыра алады. Бір редакция зерттеп жүрген мәселенің маңыздылығын WhatsApp-тағы бір видео жоққа шығаруы мүмкін. Алайда бұл үрдіс журналистиканың рөлін төмендете алған жоқ, керісінше, әлеуметтік медиа дамыған сайын кәсіби мамандардың бағасы арта түсуде», - деп атап көрсетті Д.Абаев. Осы орайда министр бүгінгі форумға теледидар, радио мен баспасөз өкілдерін не үшін шақырылғанын түсіндірді. «Интернеттің қарқынды дамуы коммуникация құралдарын бір арнада тоғыстырып, дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың сабақтастығы күшейе түсуде. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан баршаңызды осы саладағы ең маңызды мәселелерді бірлесе талқылауға шақырып отырмыз. Форум барысында ортаға салынған пікірлер мен идеялар отандық ақпарат саласының дамуына үлес қосады деп сенемін», - деді Д.Абаев.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера