
Атақты топты құрушылардың бірі Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды
Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сейсмология институты» ЖШС-ның директоры болып Досым Сулеев тағайындалды. Ол қызметіне 24 ақпаннан бастап кіріседі. Оған дейін директордың міндетін басшының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков атқарады», - деп хабарлады аталған институттан. 71 жастағы Досым Сүлеев ҚР ҰҒА президиум мүшесі. Ол 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сондай-ақ, Досым Сүлеев «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі ретінде танылған.
Айта кетейік, Сейсмология институтына 12 ақпанға дейін Әнуар Боранбаев басшылық етті.