Қазақстанның басым бөлігінде тұман күтіледі
Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеп.
Астанада күн ашық, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 1-4 м /с жел тұрады, ауа температурасы -10-12.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 1-4 м/с жел тұрады, -2-4 градус.
Атмосфералық бөліктердің өтуінен Қазақстанның оңтүстік-шығысында, батысында, солтүстік шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым аумағында түман түседі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады, сәйкесінше -10-5, -3+11. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады.
Қызылорда, Атырау және Ақтөбе облыстарында тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, -10-0, -7-2, -11-5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, 0+2, -7-6.
Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, сәйкесінше, -2-4, -16-13, -16-10, -19-11, -22-15, -23-14.