Қаз   Рус

Дариға Назарбаева Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

13 қаралды
0
Sputnik Казахстан
Четверг, 14 Дек 2017, 16:00

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қарағанды облысындағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мемлекет басшысы елде болып жатқан оқиғалардан хабардар. Оның Қарағанды облысындағы жағдайды мұқият бақылап отырғанына сенімдімін. Бұл облыс мемлекет басшысына жат емес, өңірдегі мәселелер ол үшін де аса маңызды", — деп жауап берді Назарбаева журналистерге. 

Ол "Арселор Миттал" әкімшілігінің бұл мәселені осындай даулы жағдайға жеткізгеніне өкініш білдірді. 

Шахтерлердің жалақысына қатысты мәселе бұрын да айтылып жүрді, олар бұған дейін талаптарын қойған еді. Олардың еңбек жағдайы ауыр екенін айту керек. Күнде денсаулығына, тіпті өміріне де қауіп төнуі мүмкін. Бұл шахталарда қаншама адам жұмыс істеп, отбасын асырап отыр. Қарағанды облысы үшін шахталар аса маңызды екені белгілі", — деді ол. 

"Шахтерлердің қандай талаптар қойып отырғанын бәріміз білеміз. Олар жалақыны 100 пайызға өсіруді сұрап отыр. Бірақ комбинаттың өзіндегі экономикалық жағдайды ескеру керек. "Арселор Миттал" әзірге бұл ақпаратты айтпай отыр. Олардың кеншілердің жалақысын 100 пайызға көтеруге мүмкіндігі бар-жоғы белгісіз. Қалай болғанда да екі жақтың ымыраға келгенін тілеймін", — деді депутат.

АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартты. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеше жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәлімет бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр. 
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера