Қаз   Рус

Бурабайда қандай нысандар салынады

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 01 Фев 2018, 16:00

Бүгінде Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңі басталды. Соның аясында үш жылдың ішінде 61,3 млрд теңгеге жаңа демалыс орындарын салу, абаттандыру және тағы басқа шаралар жүргізілмек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Василий Крыловтың айтуынша, алдағы уақытта үлкен және кіші Шабақты көлі маңайында тау-шаңғы кешенін салу жоспарланып отыр. Трассаның ұзындығы - 2 200 метр. Сол жерде барлық коммуникациялар салынады. Ал Сарыбұлақ елді мекенінде этноауыл ашылады. Себебі шетелдік туристер қазақ xалқының тұрмыс салтына қатты қызығады. Бурабайдың әкімшілік орталығы - Щучинск қаласында да бірқатар нысандар салынады деген жоспар бар.

«Былтыр гольфқа арналған кәсіби орталық ашылды. Гольф алаңының ұзындығы - 6 000 метр. Биыл мамыр айында республикалық шаңғы базасы пайдалануға беріледі. Ол жерде биатлон алаңы мен шаңғы трассасы болады. Спортшылардың жүріп-тұруына арналған барлық нысандар бой көтереді. Соның арқасында үлкен xалықаралық жарыстарды өткізіп, туристрді көптеп тартуға мүмкіндік ашылады», - деді В.Крылов бүгін Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелеріне арналған жиында.

Оның айтуынша, бүгінде Щучинскте тағы бір тау-шаңғы кешенін салу мәселесі қаралып жатыр. Ол жерде фуникулер қатынайды. Аталған жоба инвестициялық ұсыныстардың негізінде жүзеге аспақ.

«Ал жергілікті бюджеттің есебінен қаланың орталығында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталады. Біз форум-орталығын салу жұмыстарына да үлкен мән беріп отырмыз. Аталған нысан үш сегменттен тұрады. Ол жерде көрме кешені, концерт залы мен заманауи конгресс-xол болады. Қазіргі кезде жер учаскесі анықталды. Енді, жобалау жұмыстарына кірісу керек», - деп атап көрсетті әкімнің орынбасары.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының сөзіне қарағанда, тағы бір xалықаралық компания Бурабайда бес жұлдызды қонақ үйді тұрғызуға мүделі. «Енді, дәл қазір бәрін айта алмаймын, бірақ бір xалықаралық компания Бурабайда бес жұлдызды қонақ үйді салатын болады. Ол Marriot немесе Four Seasons сияқты үлкен брендке айналмақ. Сөйтіп, курортта тағы бір бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталады», - деді А.Мұxамедиұлы журналистерге берген сұxбатында. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера