Қаз   Рус

«Әбу-Даби Плаза» 62 жұмысшыға өтемақы төлейді

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 06 Фев 2018, 12:30

«Әбу-Даби Плаза» жұмыстан шығарылған 62 жұмысшыға өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының арнайы өкілі ретінде «Әбу-Даби Плаза» компаниясының менеджментімен кездестім. Аталған компаниядағы отандық жұмысшыларды қорғаудың өзекті мәселелерін талқыладық. Мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау біздің ұйым жұмысының басты элементі болып саналатындығын атап өттім», - деп жазады ол.

Осы ретте ол кездесу қорытындысына егжей-тегжейлі тоқталмастан бұрын «Әду-Даби Плаза» компаниясының еңбек қатынастары саласындағы саясатына жалпы сарамамен бөлісіп өткен.

Оның айтуынша, «Әду-Даби Плаза» шетелдік компания ретінде біздің елімізде жұмыс күшін тарту және жалдау үшін жергілікті фирмалардың қызметіне жүгінеді. Олардың жұмысшыларды жалдаумен айналысатын қосалқы мердігерлердің қатарында 40-тан астам отандық ұйым бар. Қосалқы мердігерлер еңбек реустарын іздеу, жалдау және оқытумен айналысады.

«Біздің клирингтік фирмалар «жұмыстың белгілі бір түріне арналған» үлгілік келісімшартты қолданады. Аталған термин ресми түрде Қазақстанның Еңбек кодексіне сай келеді. Дегенмен, аталған тұжырым жұмыс берушіге әлеуметтік өтемақысыз еңбек қарым-қатынасын біржақты тәртіппен бұзуға құқық береді. Осылайша, «Әбу-даби Плазаны» қосалқы мердігер ұйымдарының 62 жұмысшысы жұмыстан шығарылған. Ресми түрде еңбек заңнамасы бұзылмаған. Ал әділдік тұрғысынан алып қарағанда сұрақ өте көп. Біздің азаматтарымыз қыста, қатты суық күндерде  күнелтуге қажетті қаражатсыз қалып отыр. Айта кетерлігі, Астана қаласы  әкімдігінің, өзге де құзіретті органдардың келіссөздері нәтижесінде компания менеджменті  62 жұмысшыға келісімшарттың бұзылуына байланысты бір айлық өтемақы, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлеуге келісті. Парасатты мүдде жеңіске жетті және тараптар бейбіт тарқады.  Бірақ, біздегі ақпаратқа сәйкес, еңбек  келісімшарттары бұзылуының келесі толқыны кезекте тұр. Біз мұнан ары да еңбек құқықтарының шектелу фактілеріне дер уақытында үн қатып, Қазақстан заңнамасы аясында азаматтарымыздың, жұмысшылардың құқықтарын қорғайтын боламыз. Бұл біздің азаматтық ұстанымыз», - деді Ерлан Саиров.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера