Қаз   Рус

Болат Бақауов әр оралман отбасының жағдайымен танысуға уәде берді

6 қаралды
0
pavlodarnews.kz
Вторник, 05 Дек 2017, 10:00

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 2018 жылы оралмандардың әр отбасының жағдайымен танысуға уәде берді. 

Бүгін облыстық әкімдікте өткен біріккен алқа жиынында аймақ басшысы биыл арнайы аудандардан автобустармен оралмандарды жеткізіп, бөлім басшыларымен бірге кездесетінін айтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, биылғы жылы Ертіс өңіріне келген 323 адам оралман  мәртебесін алған. Олар Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларына және Баянауыл, Павлодар, Май, Успен, Шарбақты, Ертіс, Лебяжі, Ақтоғай аудандарына қоныстанған. Оның ішінде еңбек етуге жарамды 185 адамның 41-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Өздігінен табыс тауып отырғандар - 112, бала күтімімен отырғандар - 14, жұмыссыздар саны - 18. Өңірлік квотаға енгізілген 50 отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілген. Мәселен, Успен ауданына қоныстанған оралмандар 25-100 гектардан жер алуға ниет білдірген. Дегенмен оларға оралман мәртебесін алғаннан кейін ғана жер телімі жеке меншікке беріледі. Ал, әзірге жалға алуға тура келеді.

 - Бұдан басқа, ішкі көші-қон бойынша Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарынан қоныс аудару жүзеге асырылады, - деді Қайрат Нұрмағамбетов. - Жыл басынан бері көшіп келген 69 отбасының 68-і өңірлік квотаға енгізілген. Қоныс аудару бойынша бүгінде Май ауданы квотаны игермеген. Биылғы жылы жеті шаңырақ келген болса, бір отбасы ауа райы жағдайына байланысты қайтадан кетіп қалған. Екі отбасы да квотаны тосып, қараша айында кері қайтқан. Келесі жылы қоныс аударушыларды қабылдау квотасы тоғыз есе артады. Облыс әкімі бұл мәселеде қағазбастылыққа жол бермеу керектігін және қоныс аудармас бұрын құжаттарды толық тексеріп алу қажеттігін ескертті. - Елбасы құрылтайда «қарсы алу үшін жүректің жылуы керек» деп айтпады ма?, - деді Болат Бақауов. - Бұл мәселе осылай шешімін тапқанғанға дейін олар басқа өңірге де көшіп кетеді. Ал, біздің өңірде ауылдық аймақтарда жұмыс күші тапшы. Келесі жылы уақыт тауып, міндетті түрде  қандай көмек көрсетілгенін қарап шығамын. Жұмыссыз, аз қамтылған, қоныс аударған отбасыларды және оралмандарды жұмыспен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керек». 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера