Қаз   Рус

Бойжеткеннің үстіне қайнаған май құйып жіберген ер адам сотталды

62 қаралды
0
Понедельник, 12 Фев 2018, 17:00

Маңғыстауда дәмхана сатушысының үстіне қайнаған май құйып жіберген айыпталушыға үкім шықты

Мұнайлы аудандық сотында вокзал маңындағы дәмхана сатушысының үстіне қайнаған май құйып жіберген айыпталушыға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Лада» газетіне сілтеме жасап.

Сот 31 жастағы Қасым Жұмахановты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру және материалдық залал ретінде 373 645 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жазасына кесті. Бірақ жәбірленуші Сымбат Қозыбай және оның туған-туыстары соттың бұл шешіміне келісер емес. Олар үкімнің үстінен шағым түсірмек. «Біз емдеу үшін бір миллион теңгеден артық шығын шығардық. Бұдан басқа, Сымбатқа бірнеше рет пластикалық ота жасалуы тиіс. Осының бәріне ең кем дегенде төрт миллион кетеді», - дейді жәбірленушінің әпкесі Жаңагүл Естұрғанова. Ал сотталушының қорғаушысы бүкіл процесс бойы оқиғаға қайнаған май толы қазан айнаның алдында тұрғаны үшін дәмхананың иесі мен Сымбаттың өзін айыптаумен болды. Еске сала кетейік, ер адам таңғы бесте спиртті ішімдік сатудан бас тартқаны үшін 20 жастағы бойжеткеннің үстіне қайнап тұрған майды төгіп жіберген болатын. Қыздың денесінің 30% күйік шалған. Қыздың туыстары күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабымен іс ашылғанына қатты наразылық білдіріп, былтырғы қарашада ол оқшаулағышқа жіберілген. Кейін ҚР ІІМ-дегілер істің басқа баппен жүргізілетінін мәлімдеді.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.