Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салудың басталуы 2018 жылдың көктеміне жоспарланған, деп хабарлайды «Уральская неделя» апталығы.
«Жоба бизнесмендердің жеке меншігі болып табылады. Көктемде зауыттың құрылысы басталады», - деді БҚО Теректі ауданының әкімі Кәрім Жақыпов халықпен болған кездесуде.
Еске салайық, 2017 жылдың ақпан айында Теректі ауданының бұрынғы әкімі Мұрат Мұқаев Алғабас кентінде мұнай өңдеу зауытының құрылысы шамамен 3 жылға созылатындығын және оны іске қосумен шамамен 200 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатынын айтты. Хабарламада айтылғандай, БАӘ-нің кәсіпкерлері жобаға шамамен 420 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынатын болады, бұл кәсіпорын жоғары октанды бензин, дизель отыны, керосин және битум өндіретін болады.