Қаз   Рус

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні

78 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 09 Фев 2018, 11:15

«Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған», поэзияға ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына бүгін тура 87 жыл толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақын 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Нарынқол өңірінің Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан. «Қайран Қарасазым-ай» деп өлеңге қосқан, кейін әнші Рамазан Стамғазиевтің әніне айналған аядай ауылды бүгінде білмейтін қазақ кемде-кем.

Мұқағалидің бала кезі сұм соғыстың қасіретті жылдарына тұспа-тұс келеді. «Неңді сенің аңсаймын бала шағым, бұлдыраған айналаң ала сағым» деген ақынның анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды асырап жеткізеді. Әкесі соғыстан оралмаған. Орта мектепті интернатта жатып бітірген жігерлі жас еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке бет бұрады.

Мұқағали Мақатаев алпысыншы жылдардың басында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, 1963-1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), 1965-1972 жылдары «Жұлдыз» журналдарында, 1972-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған.

Ол - қазақ поэзиясына қайталанбас туындыларымен, отты жырларымен келген ақын. Өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді. Мұқағали поэзияда туған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын кемелдендіре түсті.

Мұқағали Алматыда өмір сүрген жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын таныта білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Аударма саласында да еңбегі зор. Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тілінде сөйлеткен ақынның кітаптары өмірден өткеннен кейін он мыңдаған данамен басылып шығып жатты.

Күні бүгінге дейін ақынның шығармашылығына деген қазақтың құрметі бір мысқал кеміген емес. Бүгін де ақынның өлеңдері мен шығармаларының, ой-толғауларының жаңа кітап болып басылып жатқаны - осыған куә.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.