Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман сақталады
Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеп.
Астанада бұлтты, қар жауады, оңтүстік-шығыстан 2-4 м/с жел соғады, -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, шығыстан 1-7 м/с жел соғады, +7+9.
Атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды, тек оңтүстік-шығыста, орталықта және шығыста ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, төменнен сырма соғады, батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста - көктайғақ. Республикасынң басым аумағында тұман сақталады.
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с, Жамбыл және Қызылорда облыстарында – көктайғақ. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман күтіледі, төменнен сырма соғады, күндіз 18 м/с жел тұрады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, төменнен сырма соғылады. Атырау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.