Қаз   Рус

Белгілі блогер Өскемендегі экс-депутатты бопсалағаны үшін сотталды

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 18 Янв 2018, 12:30

Өскеменде танымал блогер Ринат Халиковтың ісі сотта жеделдетілген режімде қаралып, үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, Ринат Халиков экс-депутат және кәсіпкер Ержан Сқақовтан 30 мың доллар мен үш бөлмелі пәтер бопсалаған. Оларды бермеген жағдайда Сқақовтың беделіне нұқсан келтіретін мәлімет жариялайтынын айтқан. Еске салсақ, 19 жастағы Елена Иванова экс-депутатты өзін зорлады деп айыптаған болатын. Қылмыстық іс қозғалып, кейін ол жабылды.

Бойжеткен істі қайта қарауды сұрап, ҚР Президентіне хат жазған еді. Соған қарағанда, блогер осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған. Ол 2017 жылдың қазан айында Сқақовтан ақша алу барысында ұсталды. «Сотталушы ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Халиковтан жәбірленушінің пайдасына 1 миллион 20 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын өндіріп алынсын. 30 мың доллар көлеміндегі ақшалай қаражат сот үкімі күшіне енгеннен кейін Сқақовқа қайтарылсын»,- делінген ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінде. Халиков жазасын қатаң режімдегі түрмеде өтейтін болады.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера