Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, тек батыста, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетіп, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.