Қаз   Рус

Баласының теріс қылығы үшін ата-ананың жазасы жеңілдейді

13 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 29 Ноя 2017, 17:00

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасындағы түзетулердің бірінде кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер үшін ата-анасын және басқа да адамдарды жазалауға қатысты норманы Қылмыстық кодекстен алып тастап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыру ескерілген. Сонымен қатар құжатта балалардың аталған іс-әрекеттері үшін айыппұлды 200 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін азайту қарастырылған.

Өз кезегінде Мәжіліс Төрағасы аталған ұсынысқа қолдау білдірді. «Бұл қадамдар толықтай әкімшілік әрі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша трендке сәйкес келеді», - деді Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда ол балалар тарапынан теріс қылықтар болып жататынын, сондықтан бірден қылмыстық жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

Сонымен қатар Н. Нығматулин айыппұлдар сомасы төмендеген жағдайда, балалардың тәрбиесі мен осындай теріс қылықтарға жол бергізбеу бойынша мәселеге ата-аналардың тиісті деңгейде мән бермеуі мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.

Оның пайымынша, ата-аналар мен балалар үйлеріндегі педагогтар әрдайым жеткіншектердің тәрбиесінде жауапкершілікті сезінуі тиіс.

«Жұмыс тобы аталған мәселені екінші оқылымға дейін тағы да пысықтауы керек»,  - деді Нұрлан Нығматулин.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера