Қаз   Рус

Қазатомөнеркәсіп уран өндіру көлемін азайтады

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 05 Дек 2017, 10:30

Табиғи уран өндірісіндегі әлемдік көшбасшы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің өндіріс деңгейін нарықтағы сұранысқа сәйкес келтіру мақсатында, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20% қысқартатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы қысқарту 2018 жылдың қаңтар айынан бастап іске енгізіліп, үш жылға созылады. Нәтижесінде, жалпы алғанда, үш-жылдық мерзімде Қазақстандық уран өндірісі шамамен 11 мың тоннаға қысқармақ. 2018 жылы шамамен 4 мың тоннаға кем уран өндірілуі күтілуде, бұл көрсеткіш «UxC» (4 - ші тоқсан UMO есебі) 2018 жылға болжаған әлемдік уран өндірісі ауқымының 7,5 % құрайды.

Қазатомөнеркәсіп бұл шешімі жөнінде барлық негізгі сатып алушыларына хабарлап, аталған іс-шаралар өнім жеткізу келісімдеріне кері әсерін тигізбейтінін растады.   

«Қазіргі нарықтағы жағдайға сәйкес, сондай-ақ табиғи уран нарығындағы өнім ұсынысының тұрақты артықшылығын ескере отырып, біз өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөніндегі стратегиялық шешімді қабылдадық. Аталған іс-шаралар біздің уран өндірісінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ұстанымымызды көрсетеді, себебі уран өндіру дүние жүзіндегі көмірқышқылынсыз, таза электр энергия өндірудің маңызды элементі болып табылады», деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера