Қаз   Рус

Қазақстанның төрт облысында қасқыр атуға тыйым салынды

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 22 Янв 2018, 16:45

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында екі жыл мерзімге қасқырды атуға мораторий жарияланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. «Мораторий 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Төрт облыста қасқырды аулауға тыйым салынды. Белгілі бір лимит беріледі. Яғни, тек қана адам мен малға шапқан кезде ғана қасқырды атуға рұқсат береміз. Ал енді ондай фактілер тіркелмеген жағдайда қасқырды атуға рұқсат жоқ», - дейді Сәкен Ділдахмет. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысының хабарлауынша, аталған төрт өңірде қасқырлардың саны күрт азайып кеткен. «Далалы өңірлерде қар кешкіш техникамен, жол талғамайтын көлікпен шыққан кейбіреулер қасқырды мыжып кетіп-ақ құртып жатыр. Тікұшақпен барып, снайперік винтовкамен атып жатады. Қасқырдың да сұрауы бар. Ол жыртқыштың «санитар» ретінде табиғатта рөлі өте зор», - дейді ол. Сәкен Ділдахметтің айтуынша, Қазақстанда 14500-ге жуық қана қасқыр қалған.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера