Қаз   Рус

Қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін сатып алса болады

83 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 13 Ноя 2017, 18:10

10 миллион теңгелік зейнетақы жинап алған қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін сатып ала алады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырғаннан кейін тілшілердің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат ҚҰРМАНОВ  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер адам зейнетке шығып бара жатса және оның БЖЗҚ-да жиналған қаражатын кесте бойынша ала алады немесе ол зейнетақы қорындағы ақшасын сақтандыру компаниясына аударып, зейнетақы аннуитетін сатып ала алады. Бұл жағдайда сақтандыру компаниясы оны зейнетақымен қамтамасыз ету жауапкершілігін өзіне жүктейді. Демек, бұл адам зейнетақы аннуитетін сатып ала отырып, өзін өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етеді», - дейді Жанат Құрманов. Зейнетақы аннуитетінің бағасы туралы айта отырып, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары сақтандыру компанияларының өзі маңызды есептерді келтіре алатынын жеткізді. «Қазіргі уақытта заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, зейнетақы қорындағы болуы керек соманың мөлшері әйелдер мен ер адамдарға 10 миллион теңгеге жетіп отыр. Демек, егер өзіңіздің зейнетақы қорыңызда осы соманы жинап алсаңыз, сіз зейнетақы аннуитетін сатып алуға құқылысыз», - дейді ол.

Соманың көптігін Жанат Құрманов компанияның өмір бойы зейнетақыны өтеп отыратынымен түсіндірді. «Әлбетте, қазіргі уақытта аз мерзімнің ішінде осыншама соманы жинап алуға көптеген адамда мүмкіндік жоқ. Зейнетақы аннуитетіне қазір көп адамның қол жеткізе алмайтыны белгілі. Біздің заң жобасы арқылы қазір компанияға қаржы аударатын адамның алданып қалмауы керектігі бойынша кепілдік жұмысын шешіп жатырмыз. Бұл кепілді Сақтандыру төлемдерінің кепілдік қоры беретін болады», - дейді ол.

Қазіргі уақытта аталған мәліметтерге сәйкес, нарықта 32 сақтандыру компаниясы еңбек атқарса, оның 7-уі денсаулықты сақтандыру бағытында жұмыс атқарады. «Дәл осы аталған компаниялар зейнетақы жинағын жүзеге асыру бойынша жұмыс атқарады. Егер компания банкротқа ұшырап, беретін активі қалмаса, бұл төлемді Сақтандыру төлемдерінің кепілдік қоры бөлетін болады. Қазір ол қор жұмыс атқарып тұрғанымен, міндеттеменің үш түрі бойынша ғана жауап береді. Атап айтқанда, авто көлік жүргізушілерінің сақтандыруы, тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы міндеттемелері және туроператорлар мен агенттіктердің міндетті сақтандыруы», - дейді Жанат Құрманов.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера