Қаз   Рус

Қазақстандықтар Құман Тастанбековті ақтық сапарға шығарып салды

132 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 20 Дек 2017, 12:30

Алматыда Қазақстан халық әртісі Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаралы жиынға актердің әріптестері, туған-туыстары, өнерсүйер қауым өкілдері, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты. «Бүгінгі қаза - тек қазақ өнерінің ғана емес, бүкіл дүниежүзі өнерінің қазасы. Өзіміз мақтанышпен айтатын «Қыз Жібек» фильмі қазақтың кім екенін, салт дәстүрін,  рухани байлығын көрсеткен фильм еді. Сондағы басты рөлдерді сомдаған қазақтың Төлегені Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова екеуі Қыз Жібек пен Төлеген образын қазақ халқына үлгі етіп қалдырған еді. Өткен жылы ғана Құман Тастанбеков «Парасат» орденімен марапатталған болатын. Елбасының шақыртуымен арнайы Астанаға келген еді. Ол кісінің қазасы барша қазақ халқының қабырғасын қайыстырды», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қала басшысы Бауыржан Байбек марқұмның қазасы Алматы қаласының мәдени дамуына соққы болғанын айтты. «Ағамыздың саналы ғұмыры Алматымен байланысты болды. 1945 жылы Алматы облысында дүниеге келген ағамыз Алматыдағы консерваторияны бітіріп, сахнада жұмыс істей бастады. Қазақ жастары бұл кісіге еліктеп, үлкен азамат болып өсті. Кеңес заманы кезінде шыққан «Қыз Жібек» фильмі әр қазақ үшін мақтаныш сезімін тудырары сөзсіз. Елімізде бұл фильмді білмейтін қазақ жоқ шығар. Әр қазақ үшін ол кісінің қазасы ауыр болып отыр. Ағамыздың өнері ешқашан ұмытылмақ емес. Алматы жұртшылығы атынан көңіл айтамыз», - деді Бауыржан Байбек.

Марқұмның денесі Кеңсай зиратына жерленіп, мейрамханада ас берілді.

Құман Тастанбеков 1945 жылы бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетін бітірген. Ол сахнада О. Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі» - Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» - Ұшқыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» - Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановындағы» - Шоқан, Т. Ахтановтың «Антында» - Сауран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» - Әлібек, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» - Естемесов, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - Қасым, «Ақ кемесінде» - Құлбек, Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» - Төлеген, Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» - Цезарь, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Флоридор, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» - Фархад сынды негізгі рөлдерді сомдады. Театр репертуарында жүріп жатқан спектакльдерде - Шахимарденнің «Томирисінде» - Балқаш, С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» - Омар, С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» - Жақыпбек, Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» - Жалғасбек, Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» - Қария, М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында - Андрей, Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» - Штейниц, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» - Монтекки, Д. Кобурнның (ауд. Е. Аманшаев) «Жынойнағында» - Веллер Мартин (реж. Е.А маншаев, А. Кәкішева), А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасында (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) - Кулыгин рөлдерін сомдаған. «Қ. Тастанбековтің кино өнері саласындағы еңбегі де елеулі. Ол атақты «Қыз Жібек» фильміндегі (режиссер С. Қожықов, сценарий Ғ. Мүсірепов, редактор А. Сүлейменов, 1970) Төлеген рөлімен «жұлдызы жанған» актер. Бұдан кейін де көптеген фильмге - «Біздің Ғани»» (1971), «Қыс - суармалы кезең емес» (1972), «Мұнда аққулар ұшып келеді» (1973), «Аққулар жаңғырығы» (1974), «Қосымша сауалдар» (1978), «Ағамның қалыңдығы» (1979), «Провинциалды роман» (1981), «Қараша қаздар қайтқанда» (1981), «Өрнек» (1982), «Алаң жиегінде» (1982), «Кімсің сен, салт атты?» (1987),«Адам-жел» (2003), «Махамбет» (2008) т.б. түскен», -делінген Әуезов театрының мәліметінде.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера