Қаз   Рус

Қазақстандықтар АҚШ визасын жиі алатын болды

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 30 Ноя 2017, 14:30

Қазақстан азаматтарына АҚШ тарапынан берілетін визалардың саны артып келе жатыр. Бұл жайлы бүгін ҚР СІМ вице-министрі Ержан Ашықбаевпен кездескен Оңтүстік және Орталық Азия бойынша АҚШ мемлекеттік департаметінің жоғары лауазымды өкілі Элис Уэллс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі отырыс барысында консулдық мәселелерді қаузадық. Біздің сарапшылар бұл бағыттағы жұмысты түстен кейін де талқылайтын болады. Қазақстан азаматтарына берілетін визалар санының артып келе жатқанына қуанышымды білдіремін. Біз қазіргі уақытта бизнестік және туристік мақсаттарға байланысты 10 жылдық виза беруді жолға қойдық. Қазақстандық әріптестеріміздің бұл жұмысқа көзқарасын білгіміз келеді. Біз визалық тәртіп пен консулдық жұмыстар біздің серіктестігіміз аясында тиімді жұмыс істегенін қалаймыз», - дейді Элис Уэллс.

Өз кезегінде ҚР СІМ вице-министрі Ержан Ашықбаев консулдық саладағы екі ел арасындағы өзара әрекеттестікті үлгі тұтарлық деп атады. Ол қазақстандықтарға Америкаға бару үшін берілетін визалардың санына, 10 немесе 5 жылдық визалардың берілу шараларына жоғары баға берді.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев пен Оңтүстік және Орталық Азия бойынша АҚШ мемлекеттік департаметінің жоғары лауазымды өкілі Элис Уэллс кездесу өткізіп, екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды, Ауғанстан мен Кореядағы шиеленісті реттеу, сонымен бірге ДАИШ-тың (Қазақстанда және өзге елдер аумағында тыйым салынған) біржолата жеңілгеніне көз жеткізу мәселелерін талқылаған болатын.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера