Қаз   Рус

Қазақстандық жігіт Ұлыбританияда модель болып жұмыс істейді

24 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 15 Янв 2018, 08:30

Ақсайлық Берік Қасымжанов жуырда Ұлыбритания астанасы Лондонда «First model management» агенттігімен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Берік модель ретінде қазірдің өзінде каталогтар мен журналдар үшін бірнеше суретке түсіп үлгерді. «Мұндай түсірілімдер үшін кейде күніне 6-7 рет кастингтен өтуге тура келеді. Бұл жұмыс сонысымен қиын да қызықты», дейді ол. Шыны керек, Берік Қасымжанов о баста модель боламын деп ойлаған жоқ. Бәрі 2012 жылы Сингапурда «Elite Model Look» ұлттық байқауына қатысудан басталды.

Ақсайдағы мектепті 2010 жылы бітіргеннен кейін Берік университетке «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқуға түсті. Бірінші курстан кейін көптеген тұрғыластары секілді Америкада «Work and Travel» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап көруге бекінді. Келесі жылы «Education First» бағдарламасы бойынша Америкаға оралғысы келген, бірақ визалық мәселелерге байланысты жол түскен жоқ. Барлық шығындар төленіп қойғаннан кейін тіл үйрету мектебі Сингапурды ұсынды. Дәл сол кезде «Elite Model Look» байқауына іріктеу басталып жатты. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермеген Берік бірінші орынға ие болып, жергілікті сән агенттігімен келісімге қол қойды. Кейін елге оралып, университет дипломын алғаннан кейін ол портфолио мәселесімен түбегейлі айналысты. Ақсайлық жігітті Алматы, Астана, Сингапур, Шанхай, Гонконг, Милан, Лондон қалаларының фотографтары сан қырынан суретке түсіріп үлгерді. Мысалы, ол 2017 жылы көктемде Алматыда Mercedes-Benz сән апталығы аясында белгілі дизайнер Леонид Жеребцовтың коллекциялық көрмесіне, ал жазда Миланда сондай шара барысында «Malibu.1992» бренді киімдерінің көрсетіліміне қатысты. Беріктің қатысуымен Style Story суреттері MMSCENE (Male Model Scene) интернет журналында жарияланды.

«Әрине, сән бизнесінде бәсекелестік өте жоғары. Онда ешкім сені аямайды. Нақты табысқа қол жеткізу үшін табандылық, сондай-ақ отбасы тарапынан қолдау керек. Мені ата-анам мен бауырым Альфияның қолдауы әрдайым жігерлендіріп, жеңістерге жетелеп келеді», деді Берік Қасымжанов.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера