ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперлары жарылмаған оқ-дәрілерден полигондарды тазартуға кірісті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.
Министрлік таратқан баспасөз хабарламасында полигондардың жаппай жоспарлы тазартылуы жылына екі рет өткізілетіні және негізгі міндет жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді (қопару тәсілімен) жоюға негізделгені туралы айтылады.
Министрлікте атап өткендей, 0,6 метр дейінгі тереңдікте қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина іздегіштерді іздестіру және барлаудың жаңа құралдарымен жабдықталған.
«ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері – бейбіт уақытта өздерінің өміріне қауіп төндіре отырып, қауіпті жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтындардың бірі болып табылады. Оқу полигондарының тазартылуы аяқталысымен Құрлық әскерлерінің Арнайы әскерлер бастығының төрағалық етуімен комиссия тиісті қорытынды шығарады. Одан басқа, анағұрлым ерекшеленген бөлімшелер мен әскери қызметшілер ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының бұйрығымен көтермеленетін болады», - деп ҚР ҚК ҚӘ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов атап өтті.