Қаз   Рус

Қазақстандағы қауіпті өндірістерде 11 апат болды

13 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 28 Ноя 2017, 13:00

Ағымдағы жылы Қазақстандағы қауіпті өндірістік нысандарда 11 апат болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде республиканың қауіпті өндірістік нысандарында 11 апат орын алды, ал 2016 жылдың дәл осы кезеңінде 14 апат болған (21 пайызға төмендеді). 12 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапты», - деді министр.

Бүгінде министрліктің қадағалауында 230 мыңнан аса қауіпті өндірістік нысанды қамтитын 9 мыңнан аса кәсіпорын бар. Осы орайда жерасты кеніштері мен көмір шахталары, карьерлер мен разрездер, мұнай және газ өндіру кен орындары, металлургия, сондай-ақ химия, мұнай өңдеу зауыттары, атом өнеркәсібі, магистральдық құбырлар қамтылған.

Ведомство басшысының айтуынша, соңғы жылдарда қауіпті өндірістік нысандардың апатсыз жұмысы бойынша  оң қарқын байқалуда.

«Осылайша, 2016 жылғы апаттардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 60  пайызға (58-ден 23 апатқа) азайды. Апат нәтижесінде зардап шеккендер саны 4 есеге (102 адамнан 28 адамға) төмендеген», - деді Жеңіс Қасымбек.

Белгілі болғандай, кесте бойынша тексеруге тек тәуекелі жоғары дәрежелі нысандар ғана тартылады. Қалған нысандарға жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа түрлері жүргізіледі.

«Өрескел бұзушылықтар болмаса, адал кәсіпкерлерді тексеруден босату түрінде көтермелеу, сондай-ақ оларды қауіпті өндірістік нысандар тізбесінен алып тастау мүмкіндігі көзделген. 2017 жылдың 10 айы ішінде 1558 тексеру жүргізілген, олардың арасында кестеге сәйкес - 923, жоспардан тыс - 635», - деді министр.

Тексеру барысында 40 мыңнан аса бұзушылық анықталды, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп тұрған 880 қауіпті өндірістік нысан уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар 124,5 млн  теңгеден аса сомада 1821 айыппұл салынды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера