Қаз   Рус

Қазақстанда жастар азайып барады

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 21 Ноя 2017, 18:30

Бүгін елордада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Қазақстан жастары - 2017» ұлттық баяндамасын талқылауға арналған шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық баяндаманы таныстырған аталған орталықтың ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Дана Әшімханованың айтуынша, 2017 жылдың басындағы деректерге сәйкес еліміздегі 14 пен 28 жас аралығындағы жастардың саны 3994 464 адамды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда жастардың саны 100 мың адамға кеміп отыр. Отбасын құрған жастардың арасында ажырасу дерегі де азая түсуде.

Мұнан бөлек, есепті кезеңде елімізден 3278 жас шетелге кеткен. Оның ішінде 7262 жас ТМД елдері ішінен Ресейді таңдаса, Еуропа елдерінен Германияға 592 адам қоныс аударған. Оның дерегінше, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы аясында еліміздің 26 жоғары оқу орнында 12203 жас білім алуда. Олардың алды 2018 жылы оқуларын бітіреді. 2017-2018 оқу жылында техикалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында 6 өңірдегі 22 колледжге 420 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. 2015-2017 жылдары «Серпін» бағдарламасын 1154 жас бітірген.

Жалпы ұлттық баяндама жастардың демографиялық сипаттамасы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарындағы мемлекеттік жастар саясаты, жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы сынды 8 бөлімнен тұрады. Оны дайындауға еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары тартылған. Ұлттық баяндама осы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Үкіметінің қарауына енгізіледі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера