Қаз   Рус

Қазақстанда әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 20 Ноя 2017, 08:00

Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында әрбір екінші некенің соңы ажырасуға әкеп соғады. Бұл туралы ҚазАқпарат kostanaytany.kz сайтына сілтеп хабарлайды. Басылымның жазуына қарағанда, облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өткен. Жиында отбасы, некенің тұрақтылығы мәселелері қаралыпты.

Қостанай облысы республика бойынша ажырасатындардың көшін бастап тұр - екінші орында. «2007 жылдан бері тіркелген некелердің саны 6561-ден 5627-ге дейін төмендеді. Керісінше, ажырасу көрсеткіші жоғары - 2605-тен 3125-ге дейін. Жыл басынан бері 9 айда 4603 некелесу, 2440 ажырасу тіркелді. Былтырғы жылы ажырасу көрсеткіші жоғары өңірлер қатарында Сарыкөл (86,6%), Меңдіқара (86%) Қостанай (77,5%) аудандары мен Лисаков қаласы (86%) болса, биылғы жылдың 9 айының жағдайы көңіл көншітер емес - Меңдіқара (91%), Алтынсарин (90%), Федоров (82,6%), Қостанай (81,6%) аудандары «көш бастап тұр. Керісінше, күнгейдегі Жанкелдин, Аманкелді аудандарында ажырасу көрсеткіші әлдеқайда төмен екен. Ал жүктілік салдарынан ерте жастан үйленетіндер саны 2008 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге азайғанын атап өтуге болады», - деді облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Г.Мусина.

Еліміздің Әділет министрлігінің есебіне сүйенсек, республиканың солтүстігіндегі Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында әрбір екінші некенің соңы ажырасуға әкеп соғады екен. Салыстырар болсақ, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен - 26-30% аралығы. Ал ажырасуға барудың басым бөлігі (83%) сот арқылы жүзеге асады, - деді маман. Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ойрандалуда. Бұл аздай, кәмелет жасына толмаған балалы ата-аналардың айырылысуы жиілеген. Әрбір 5-ші тірі жетімек не әкесінің, не шешесінің қолында өмір сүріп жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев аталған мәселеге жауапты мекемелермен қатар үкіметтік емес ұйымдарды да белсенді жұмыс атқаруға шақырды. «Некеге отыратындар мен ажырасуға келетіндерге ҮЕҰ өкілдері арнайы кеңес беріп, шаңырақты шайқалтпай, берекесін сақтап қалудың жолдарын түсіндіріп отырса. Аймағымызда жыл басынан бері 7 айда жанұялардың 58% ажырасқаны дабыл қақтырарлық жайт. Бұл бала туу көрсеткішіне де кері әсерін тигізіп отыр - 5,5% төмендеген», -деді М.Жүндібаев


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера