Қаз   Рус

Қазақстанда ойын бизнесіне салық екі есеге өсуі мүмкін

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 07 Дек 2017, 16:00

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын және оған ілеспе екі заң жобасын талқылады.  Құжаттарға түзетулер енгізілгендіктен, олар Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің жобасы, сондай-ақ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексті қолданысқа енгізу туралы, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Сенат отырысында талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды. Талқылау барысында және құжаттарды екінші оқылымға дайындық кезінде жобаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады», - деп түсіндірді сенатор Дәурен Әділбеков. Оның сөзіне қарағанда, Салық кодексі жобасына қатысты тиісті түзетулер қамтылған. Бұл ретте фармацевтикалық қызметтер мен есеп бойынша және медициналық сипаттағы  дәрілік заттар мен бұйымдарды сату қызметтерін ҚҚС-тен босату қарастырылған. Бұдан бөлек, түзетулердің арасында ойын бизнесіне салықты екі есеге арттыру ескерілген. Сонымен қатар букмекерлік кеңселер үшін электронды касса бойынша мөлшерлемелердің 1,5 есеге өсуі ескерілген. Жалпы отырыс барысында жасаған баяндамасында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Кодекс жобасында идеологияны өзгерту, ынталандыру және әкімшілендіруді жеңілдету көзделгенін атап өтті. «Идеология адал салық төлеушілерді қорғауға бағытталады. Экономиканың әр түрлі салалары ынталандыруға ие болады. Әкімшілендіру жеңілдетіледі және салықты өз бетінше төлеуге ынталандырады», - деп тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, бірінші бағытта шағын және орта бизнесті дамыту шаралары ескерілген. Қолданыстағы арнайы салық режімдерін сақтау көзделуде. Сонымен қатар патентте мөлшерлеме 2 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты салықтық жүктемені төмендету үшін жасалуда.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера