Қаз   Рус

Қазақстанда еркектердің декретке шығуы жиілеп барады

19 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 08 Янв 2018, 12:30

Қазақстандағы отбасылардың арасында баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлем рәсімдейтін еркектер саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2016 жылы аталған әлеуметтік төлем алушылардың жалпы санының 98 пайызын әйелдер, тек 2 пайызын еркектер құраған болатын. Ал 2017 жылы 1 жасқа дейінгі  баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға өтінім бергендердің жалпы санының 8 пайызын еркектер құрады», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.  Астана қаласының тұрғыны Ильзат Сафарғалиевтің айтуынша, мұндай шешім қабылдауына жұбайына қарағанда өзінің жалақысының жоғары болуы себеп болған. Айта кетерлігі, бала дүниеге келгенде төленетін төлемақының бірнеше түрі бар. Біріншісі, жұмыс істейтін әйелге тиесілі декреттік төлемақы. Ол бір-ақ рет беріледі. Оны есептеудің өзіндік үлгісі бар. Табыс мөлшері нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан бала туғанға дейінгі соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Төлем мөлшерін соңғы жылдың орташа айлық табысын 10% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарын шегерумен еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейту арқылы білуге болады. Орташа айлық табыс жыл бойғы жалпы табысты 12 айға бөлгенде анықталады. Еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті жүктілігі және босануына байланысты демалыс күндерінің санын 30 күнге бөлумен анықталады. Сол себепті максималды коэффициент 126/30=4,2 теңеледі. Бала туғандағы біржолғы жөргекпұл мөлшері заңмен бекітілген. Бірінші, екінші және үшінші балаға -  30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал, төртінші, бесінші, алтыншы және т.б. балаларға - 50 АЕК төленуге тиіс. Ал, сол баланың бір жасқа дейінгі күтімі үшін ай сайынғы жәрдемақыны  алуға сәбидің анасы  немесе әкесі өтініш бере алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2017 жылдың 9 айында Әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен бала туғаны үшін 48 млрд теңге, 1 жасқа дейін бала күтімі үшін 53 млрд теңге төленген.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера