Қаз   Рус

Қазақстанда ең көп салық төлеген компаниялар аталды

10 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 08 Фев 2018, 11:00

парат - Forbes Kazakhstan бюджетке ең көп мөлшерде салық төлеген мемлекеттік емес шетелдік компаниялардың тұңғыш ренкингін жасады. Тізімге 25 компания енген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ақпарат көзіне сүйенсек, 2016 жылы отандық және шетелдік ірі, орта компаниялар бюджетке төлеген 4,9 трлн теңге салықтың 22 пайызын ТОП-25-ке енген компаниялар аударған. Атап өтілгендей, 1996 жылы Қазақстанда алыс және жақын 72 шетел мемлекетінің компанияларымен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Экспорт көлемі - 118 пайызға, ал импорт 133 пайызға артты. Көмірсутектер мен шикізаттардың қымбаттауына байланысты Қазақстан Орталық Азияда шетелдік инвестиция үшін тартымды елге айналды. Мұнайы мен газы бар елдерге инвесторлардың қызығушылығы бәсеңдеген бүгінгі күні Қазақстанға құйылатын тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) да азайып барады.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, 2020 жылға қарай Қазақстанға құйылатын шетелдік инвестицияның көлемі жылына 5,2-5,3 млрд доллардан көп болмайды. Қазақстанға таза ТШИ салып отырған мемлекеттердің бестігі 2016 жылы мынадай болған: Нидерланды - $4,39 млрд, АҚШ - $3,05 млрд, Франция - $938 млн, Жапония - $447 млн және Гонконг - $353 млн.

Ал Қазақстанға ең көп мөлшерде салық төлеген ТОП-25 шетелдік компанияның көш басында «Тенгизшевройл» ЖШС тұр. Ондағы басты акционер америкалық Chevron корпорациясы. Серіктестік 2016 жылдың көрсеткіші бойынша Қазақстанның бюджетіне 482 млрд теңге аударған. Ренкингтің екінші орнында да мұнай мен газ саласында жұмыс жүргізетін «Карачаганак Петролиум Оперейтинг» концорциумы (Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Италия) тұр. Кәсіпорын жылына 70,24 млрд теңгенің салығын төлеген. Үшінші орынға - Ұлыбританияның «Би Джи Қарашығанақ лимитед» кәсіпорны (61,2 млрд теңге), төртінші орынға темекі өнімдерін өндіретін жапониялық «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС (57,13 млрд теңге) жайғасса, бестікті Швеция, Финляндия, Түркия елдері инвесторларының телекоммуникация саласында жүргізіп отырған «Кселл» АҚ (55,92 млрд теңге) компаниясы түйіндейді.

Ренкингтің бұдан кейінгі тізімін «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (АҚШ), «Аджип Қарашығаңақ Б.В.» ЖШС филиалы (Италия), «Шеврон Интернешнл Петролеум компани» (АҚШ), «Лукойл оверсиз Қарашығанақ Б.В» филиалы (Ресей) мен «Қазцинк» ЖШС (Швейцария) сынды компаниялар жалғастырады. Жалпы, тізімге енген 25 компания 2016 жылы бюджетке 1 трлн теңге мөлшерінде салық төлеген. Оның 49,5 пайызы Атырау облысынан түсіп отыр. 25 компанияның жетеуі Атырау облысында, бесеуі Алматы, төртеуі БҚО-да жұмыс істеуде.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.