Қаз   Рус

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық көбейген

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 13 Дек 2017, 17:15

Қазақстанда педофилия өршіп барады. ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәжілісмен Зағипа Балиева осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Отырыс кезінде Парламент Мәжілісінің депутаты ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдады. Оның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда бүкіл дүние жүзінде балаларға қарсы зорлық-зомбылық жағдайлары ерекше үрей туғызады.

Өкінішке қарай, Қазақстанда да бұл мәселе жоқ деп айтуға болмайды. «Егер 2017 жылдың 9 айы мен 2016 жылдың дәл сол мерзімдегі көрсеткішін салыстырар болсақ, Құқықтық статистика келтірген мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған балаларға қарсы қылмыстың артқанын көруге болады. Нақтырақ айтқанда, зорлау қылмысының саны (ҚК-тің 120-бабы) жағдайы 100-ден 133-ке артқан. Өсім - 33 пайыз. Сексуалды мінездемеде зорлық-зомбылық әрекеттері 83-тен 108 жағдайға жетіп, өсім 31 пайызды көрсетіп отыр. 2016 жылы қылмыскерлердің қолынан 180-ге жуық бала зардап шеккен. 2015 жылмен салыстырғанда аз дегенімізбен, факттың аты факт - педофилия елде өршіп тұр», - дейді депутат. Мәжілісмен өз сөзінде адами қалыпқа сай келмейтін сондай қылмысы үшін қылмыскерлер барынша қатаң, тіпті өлім жазасына кесуге дейінгі жазаға лайық. 

Ал біздің елде 2018 жылдан бастап химиялық кастрация жасау нормасы енгізілгелі жатыр. «Қазіргі уақытта аталған норма бойынша ережелер бекітіліп қойған. Алайда мен уәкілетті адам ретінде денсаулық сақтау және қылмыстық атқару жүйелерінің мекемелері бұл жұмысқа қаншалықты дайын екенін білгім келеді. Егер бас бостандығын айыру орындарында бұл жұмысты қалайда шешуге болады дегенімізбен, жазасын өтеп кеткен немесе осы қылмысы үшін жазаның басқа түрін алған адамдарды не істеу керек? Аталған норманың қалай жүзеге асырылатыны туралы толыққанды білгім келеді», - дейді Зағипа Балиева.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера