Қаз   Рус

Қазақстанда балаларға арналған қауіпсіз сайттар тізімі жасалды

27 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 23 Ноя 2017, 17:30

Қазақстанда балаларға арналған қауіпсіз 3556 сайттан тұратын «Ақ сайттар тізімі» жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жоба жасөспірімдер мен балаларға ғаламторды қауіпсіз түрде қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстандық «Ақ сайттар тізіміне» балалардың психологиялық, физикалық тұрғыда толыққанды дамуына мүмкіндік беретін, тәрбиелік маңызы, тақырыбы мен мазмұны жағынан іріктелген 3556 сайт енген. Интернет желілері мазмұны бойынша білім және ғылым, мәдениет және өнер, ойын-сауық, музыка, кино, телевизия, табиғат, адам, қоғам, спорт және туризм салаларына бөлінген.

Жобаны ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы әзірлеп отыр. ««Болашақ» қауымдастығы атынан үлкен жобаны таныстырғалы отырмыз. Желіде балалар мен жасөспірімдерді қауіп-қатерлерден қорғау үшін қауіпсіз сайттардың тізімін жасау қажеттілігі туындаған болатын. Балаларды интернеттің қауіпті тұстарынан ең алдымен ата-анасы қорғай алатынын білеміз. Сондықтан, балалардың қалыптасуына интернет заманында абай болуы керектігін білдіргіміз келеді», - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен. Интернет желілерінің контенттік сүзгісін модератор жүргізеді.

«Ақ тізім» балалардың танымды және адамды дамытатын ақпаратқа қызығушылығын арттырмақ. 3556 сайттың 500-і - қазақстандық. Ниет білдіргендер сайт тізімін тапсырыс арқылы алып, қолдана алады. Бақтияр Мәкеннің айтуынша, сараптама көрсетіп отырғандай, Қазақстандағы ата-аналардың 57 пайызы балалары интернеттен өз жасына сай келмейтін мәліметті алуы мүмкін деп қауіптенеді екен. Ал ата-аналардың 18 пайызы балаларының интернетте не қарап отырғанынан мүлде хабарсыз болып шықты. Өз кезегінде Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев та тың жобаға қатысты пікірін білдірді. «Бүгінгі ақпараттық технологиялардың балаларға қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін білуіміз керек. Интернетте балалардың оқуына болмайтын мәліметтер жетерлік. «Ақ сайттар тізімі» - біздің медиакеңістіктегі маңызды қадам. Бұл мәселе бүкіл әлемнің назарында. Сондықтан, оны назардан тыс қалдырмау керек», - дейді Алан Әжібаев.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера