Қаз   Рус

Қазақстанда ауыз суға 70 млрд теңге қажет

25 қаралды
0
Четверг, 15 Фев 2018, 17:30

2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 67,9 млрд. теңге бөлінеді

2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 67,9 млрд. теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазТАГ ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеп.

Мекеме сайтында бейсенбі күні жарияланған хабарда айтылғандай, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл 67,9 млрд.теңге бөлінеді.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижесіне қатысты баспасөз конференциясы өтті.

Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

Кездесу барысында Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік жоспарланған көрсеткіштен асып, қалаларда 93,8% (белгіленген жоспар 90%), ауылдарда 57,4%-ды (белгіленген жоспар 55% болатын) құрағанын айтты.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының 80,7% -ы орталықтандырылған сумен жабдықталған (7,7 млн. адамның 6,2 млн. адамы). Бұл көрсеткіш су тарту жұмыстары ең алдымен халық саны көп елді мекендерде жүргізілетіндігін көрсетеді.

«2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7% -ға артып, 67,9 млрд. теңгені (193 жоба) құрады. Қаржыландыру көбінесе қолжетімділігі төмен өңірлерге бағытталған. Биыл қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылатын болады. Ал, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 млрд. теңгенің 153 жобасы жүзеге асрылады.

Бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті елді мекендерде 59%-ға дейін, ал қалаларда 94%-ға дейін арттыру көзделіп отыр», - деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.