Қаз   Рус

Қазақстанда 45 жасында кімдер зейнеткерлікке шыға алады

32 қаралды
0
Sputnik Казахстан
Четверг, 04 Янв 2018, 16:30

Биылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы бірте-бірте ұлғайтылып, 10 жыл ішінде ерлермен теңестіріледі. Алайда көп балалы аналар бұрынғысынша 53 жасында, 1949 және 1963 жыл аралығында Семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жасында, ер адамдар 50 жасында зейнеткерлікке шығады. Бұл туралы "Отырар" арнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасында Әлеуметтік төлеуді ведомоствоаралық есептеу орталығы ОҚО филиалы директорының орынбасары Несібелі Қаражанова айтты. 

Оның мәліметінше, жаңа жылда барлық көрсеткіштің өсуіне орай зейнетақы, жәрдемақы төлемдері қайта индекстеледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 8 пайызға, қалған барлық әлеуметтік төлем 6 пайызға көтерілді. 

"Мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 16 пайызға өсті. Былтыр ең төменгі зейнетақы көлемі 28 148 теңге болса, биыл 33 745 теңге болды. Базалық зейнетақы былтыр 12 802 теңге болса, 1 шілдеде 14 466, енді биылдан бастап 15 270 теңгеге көтеріліп отыр. Базалық зейнетақы былтыр 45 мың болса, 1 қаңтардан бастап 49 019 теңгені құрайды. Бұл еңбек зейнетақысы мен базалық зейнетақыны қосқандағы ең төменгі зейнетақы көрсеткіші. Жұмыс істеп зейнетақы қорына аударған азаматтардыкі 1 шілдеде 104 374 теңге болса, енді 1 қаңтардан бастап ең төменгі айлық көрсеткіштің өсуіне (2 405 теңге) байланысты 111 мың теңгенің есебінен есептеледі", — деп түсіндірді ол.  

Несібелі Қаражанова 1 қаңтардан бастап әйелдердің жасына байланысты өзгерістер енгізілгенін атап өтті. 1960 жылы туған әйелдер бұрынғы заң бойынша 58 жаста зейнеткерлікке шықса, ендігі заң бойынша 58 жас 6 айда шығады. 

"Биыл 2018 жылдан бастап әр жылда 6 айға көтеріледі де, 10 жыл ішінде ер кісілермен қатар зейнеткерлікке 63 жаста шығатын болады. 53 жаста зейнеткерлікке шығатын көп балалы аналар, 1949 және 1963 жыл аралығында Семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған азаматтар болса, әйелдер 45 жаста, ер кісілер 50 жаста зейнеткерлікке шығады. Олардың зейнеткерлік жасы көтерілмейді", — деп толықтырды директордың орынбасары.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера