Қаз   Рус

Қазақстанда 2 млн астам адам таза суға жарымай отыр

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 24 Ноя 2017, 12:30

Қазақстанда 2 миллионнан астам адам таза суға жарымай отыр, дегенмен халықтың 87 пайыздан астамы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.  Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығына сәйкес бұл тақырып Үкіметтің, жергілікті биліктің күн тәртібінен түскен емес. 2002 жылы «Ауыз су» бағдарламасы қабылданып, 2010 жылға дейін іске асырылды. Нәтижесінде 3 417 ауылдық елді мекендерді немесе 3,9 млн халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге жағдай жасалынды. Тасымалды суды пайдаланатын тұрғындардың саны  445 мың адамнан 123 мың адамға немесе 3,5 есе азайды. 2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданды, ал 2015 жылдан бастап «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Ауыз су жобасы іске асырылуда», - деді министр еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау барысында. Оның дерегінше, соңғы 15 жылда атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айына ауылды елді мекендердегі халықтың 80,3 пайызы немесе 6,2 млн адам, қала тұрғындарының 92,9 пайызы немесе 9,5 млн адам, жалпы республика халқының 87,5 пайызы немесе 15,7 млн адам ауыз сумен қамтылып отыр.  «Су кодексіне» сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі елді мекендерге дейін топтық су құбырларын салуды және жаңартуды, ал Инвестиция және даму министрлігі елді мекендердің ішінде желілерді салуды және жаңартуды жүргізетіндігі белгілі. Осыған сәйкес, қазіргі кезде министрлікке қарайтын «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының теңгерімінде жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан аса 30 топтық су құбыры бар. Бұл 497 ауылды елді мекендерді және ол жердегі 1 миллионнан аса халықты қамтып отыр. Оның ішінде 156 ауылдық елді мекендерге тұтынушыға дейін «Қазсушар» қызмет көрсетеді, ал қалған 341 елді мекендерге әкімдіктердің коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсетеді», - деді Асқар Мырзахметов. Министрдің айтуынша, «Ақ бұлақ» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында, яғни 2011-2016 жылдары топтық су құбырларын салу және жаңартуға 59 млрд теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде 45 нысан пайдалануға берілді. «Ағымдағы жылы топтық су құбырлары бойынша 17 жобаға 12 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 7 жоба аяқталатын болады, ал қалғандары жоспарға сәйкес келесі жылға өтпелі. Нәтижесінде 50 ауылдық елді мекендердегі 77 мың халықты сумен жабдықтау жақсартылады», - деді ол


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера