Қаз   Рус

Қазақстанда 2019 жылы халық санағы жүреді

10 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 01 Фев 2018, 13:00

2019 жылдың қараша айында Қазақстанда компьютерлендіру әдісімен халық санағы жүргізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Халық санағын 2019 жылдың қараша айында өткізу жоспарланып отыр. Негізгі жаңашылдық - компьютерлендіру болмақ. Яғни, біз арнайы интернет-портал ашып, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы мәліметті интернет арқылы жолдай алады. Сонымен бірге, санақ жүргізетін мамандар планшетпен жүріп, ақпаратты бірден мәліметтер базасына жолдап отырады. Бұл біріншіден, санақты жедел жүргізуге, екіншіден, қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, ЖСН сай келе ме, жоқ па - бірден тексеріліп отырады. Тың әдістің пайдасы зор», - дейді Руслан Дәленов.

Вице-министрдің айтуынша, егер халықтың біршама бөлігі интернет арқылы тіркелсе, санақшыларға түсетін жүк айтарлықтай жеңілдейді.

«Әлбетте, үйді-үйді аралап, тіркеу жүйесі қалады. Себебі, барлық адамдар интернет арқылы тіркелмесі анық. Бірақ, біздің ойымызша, ең басты артықшылық - цифрлық технологияларды қолдану болмақ. Әзірге санақты жүргізуге жұмсалатын қаржы көлемі мен қажетті штат санын есептеп жатырмыз. Бірақ, интернет технологияларды енгізу арқылы шығын әдеттегідей аз болады деп күтудеміз. Себебі, осы жылдың сәуір айында Аягөз ауданы мен Бурабай ауданында осы жүйе пилотық жоба ретінде басталады. Біз сол аудандарда интернет портал мен планшеттерді тестілеуден өткіземіз», - дейді ол.

2019 жылдың қараша айында басталатын халық санағы шамамен бір ай бойы жүргізілмек.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера