Қаз   Рус

Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес рейтингінде жоғарылады

16 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 02 Фев 2018, 17:00

Қазақстан халықаралық рейтингтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзінің көрсеткіштерін жақсартуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте прогресті бағалайтын 9 рейтингтік агенттіктердің бірі Әлемдік сот төрелігі жобасы өзінің есебін жариялады. Соңғы жылдары Қазақстан бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанатынын атап өткен жөн.

Акценттің жазалаудан алдын алу шараларына ығысуы халықаралық рейтингтік агенттіктердің оң бағасын алды. Әлемдік сот төрелігі жобасының бағасы бойынша Қазақстан 0,51 ұпай жинады және 2016 жылғы нәтижелермен (73) салыстырғанда 9 позицияға көтеріліп, әлемнің 113 елінің арасында 64-орынға ие болды.

Мұндай нәтижеге қол жеткізудің негізгі факторларының бірі - «Сыбайлас жемқорлықтың болмауы» индикаторы бойынша көрсеткіштің 2016 жылмен (0,43) салыстырғанда 0,02 ұпайға өсуі (0,45). Ұқсас жағымды өзгерістер Халықаралық басқаруды дамыту институтының Жыл сайынғы жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің рейтингінде де атап өтілді, оған сәйкес 2017 жылы біздің еліміз рейтингте 32-орынға ие болып, 2016 жылмен (47) салыстырғанда көрсеткішті 15 позицияға жақсартты. Аталған рейтингте жеке индикатор ретінде «Парақорлық және сыбайлас жемқорлық» белгіленген, ол бойынша Қазақстанда прогресс 1,5 есе байқалуда (2017 жылы - 4,26 ұпай, 2016 жылы - 2,52).

Әзірге бұл тек екі рейтингтік агенттіктің мәліметтері. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бастамалары Транспаренси Интернешнлдің Сыбайлас жемқорлықты сезгіштігі индексіне жалпы қалай әсер ететінін біз бір айдың ішінде білеміз. Айта кетейік, 21 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің Сыбайлас жемқорлықты сезгіштігі индексі жарияланады. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера