Қаз   Рус

«Қазақстан» корпорациясында кадрлық өзгерістер болды

24 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 26 Янв 2018, 11:30

«Қазақстан» телерадиокорпорациясында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телерадиокорпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақпал Жұмабай  «Balapan» арнасының директоры қызметіне келді. Ал, осы арнаны басқарып келген Жанар Шәмел «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Әзімхан Аусатов «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметіне, «Қазақ радиосының» директоры лауазымына Нәзира Бердалы, «Шалқар» радиосының директоры болып Қалқаман Сарин тағайындалды.

Жанар Шәмел «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы таңғы бағдарламалардың жүргізуші қызметінен бастаған. Ұзақ жылдар «Таңшолпан» хабарының тікелей эфирін жүргізіп, шеф - редактор, продюсер қызметтерін атқарды.  2010 жылы Елбасының бастамасымен  ашылған тұңғыш  «Balapan» телеарнаcының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы директоры болды. Ана тілімен қоса ағылшын, урду, хинди тілдерін меңгерген.

Мақпал Жұмабай алғашқы еңбек жолын республикалық  «Ана тілі» ұлт газетінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасы таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы, сондай-ақ, «Balapan» арнасының шеф-редакторы, продюсері қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының, ҚР Президент қоры грантының иегері.

Әзімхан Аусатов әр жылдары  «Қазақ радиосында» редактор,  ақпаратты-сараптамалық және таңғы бағдарламалар редакциясы жетекшісінің орынбасары, аймақтар редакциясының жетекшісі, шеф редакторы қызметтерін атқарып келді.

Назира Бердалы еңбек жолын «Qazaqstan» телеарнасында таңғы бағдарламалардың редакторы болып бастаған. Әр жылдары телевизия саласында  жүргізушісі, шығармашылық топтың жетекшісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет етті. ҚР Президентінің әдебиет саласындағы сыйлығының иегері.

Қалқаман Сарин 2013 жылы «Астана» телеарнасында «Кеш емес» саяси-әлеуметтік ток-шоуының және 2016 жылы «Qazaqstan» арнасында «Ой-толғау» бағдарламасының жүргізушісі болды. Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының, ҚР Президент қоры грантының иегері.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера